Мен негізі ақынсымақ едім, дәл қазір Мұқағалидің қайталанбас өлеңдерің тыңдап, қиял əлеміне батып отырғаным бар😋.. Балдай шубатылып, еріксіз бір қайнаған темірдей балқып отырмын, темір демекші , темір суығанда қайта бір қатты, мықты қалпына келеді ...
Нелер кетіп , не кетпеді деген шумақты тыңдап , балалық шағым есіме түсіп отыр, төртінші сыныпта едім , ең алғашқы үздік дəрежелі сыйлығын алған шығармам дəл сол 9 жас кезімде туындап еді... Отбасы туралы еді.. Періште анам, ардақты қамқор əкем мен апалы , сіңлілерім туралы .
Өмір сондай сырлы , құпиялы, жалын мен өкінішке толы екенін сол сəтте еш сезбегенмін..
Жалыны кейде жаныңды тоңдырта , қинай өртейді, кейде жаныңа шуақ, жылулық сыйлай өртейді.. Сыры мен құпиясы құштарлығыңды ашады, өкініші - тұңғиыққа батырады.. Ааа айтпақшы бəрінде теңшеуші, емдемші - уақыт бар... Бырақ уақыттың да əлсіз тұсы бар?! Ол естелікке төтеп бере алмайды..
Мен негізі сондай бақытты жанмын , бырақ сондай қатты қорқақпын ... Əрбір күлкімнен қорқамын) .. Аллам жүрегімнен кетпесін ... өйткені қорқынышымды сейілтетін ең жақын тіршілік иесі.. Бақытымды екінші болып сыйлаған əрине -əке- шешем. Аман болсын..
Сол кісілердің арқасында жүрегімізде өшпенділік сызаты түспепті .Ең улкен тускен сызық , соларды ренжыткен естеліктерім ..
Жалғыз өкінішім -Апам , оған берген уəдем .. Қайран уақыт жеткізбеді... Шерімнің соңғы сөзі - бақыттымын, себебі жүрегім бүтін. Жандарым , жандарыңдағы жартыларыңды бағалаңдар, сынаңдар) бырақ қатты қинамаңдар.. Бүтін жүріңдер , жалғыздық тек Аллахқа тəн.